Заманауи мектепке дейінгі білім берудің ең маңызды міндеті – тұлғаның үйлесімді және жан-жақты дамуы, балалардың жас және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, негізгі құзыреттілігін қалыптастыру.Мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты дамуы- ол ең алдымен сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу – адам өміріндегі жинақталған тәжірибемен бөлісудің, мінез-құлық пен белсенділікті реттеудің алуан түрлі коммуникациялық функцияларын орындайды.Тілді меңгеру, сөйлеуді дамыту – мектепке дейінгі балалық шақтағы маңызды білім қоры.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ата –аналары күннен-күнге балаларының тілді үйренуге деген қызығушылықтарын арттыруда. Атап айтқанда мектепке дейінгі ұйымдарда, бұл көбінесе қазақ тілін міндетті түрде оқыту үрдісімен анықталады, сондықтанда саналы тәрбие ретінде қазақ тілін үйренуге тәрбиелеудің түп негізі – балабақшада қалыптасады.
Мемлекеттік стандартқа сәйкес жастық ерекшеліктерін ескеріп және алдыма қойылған мақсаттарыма сүйене отырып күнделікті сабақ жоспарын құрастырамын. Ұйымдастырылған оқу қызметінің кезеңдері: сабақтың ұйымдастыру кезеңін өткіземін. Балалармен амандасып, қалдарын, жыл мезгілін, бүгінгі ауа райын, апта күндерін сұраймын. «Шаттық шеңбері». .Өткен сабақтың тақырыбын дидактикалық ойындарды қолдану арқылы қайталаймын . Мысалы: «Кім көп сөз айтады?», «Қандай ойыншық», «Мынау не?, Мынау кім?», «Суреттер сөйлейді», (суретті көрнекіліктер арқылы).
Мынау не? Мынау кім? деген сұрақтарға балалардың дұрыс және толық жауап беруін үйретемін. Балалар тек қана доп, қуыршақ , ата, әже деп жауап бермей- Мынау доп. Мынау менің атам,- деп толық жауап қайтаруға тырысады. Сергіту сәтін өткіземіз. Қорытынды жасаймын: жұмыс дәптердегі жаттығу жұмыстарын орындауды тапсырамын. Сонымен қатар қазақ тілі пәнін оқыту барысында «Тілге ену» технологиясын қолданамын. Тілге ену (языковое погружение) – ұлттық тілді меңгерудің кілті. Біз балабақшамызда «Тілге ену» технологиясын қолданамыз. «Тілге ену» технологиясы: балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қазақ тілінен білім беруге.
Оқыту принциптері: топта дамытушы ортаны құру (көрнекілік және қол жетімділік); балалардың эмоционалды көңіл-күйін қалыптастыру; күнделікті белсенді түрде балалармен қарым -қатынаста қазақ тілін қолдану; әр баланың жеке мүмкіндіктері мен даму деңгейін, сондай-ақ отбасындағы мәдениет пен дәстүрдің ерекшеліктерін ескеру; балаларды шамадан тыс материалдың көлемімен жүктемеу; түрлі көрнекілік құралдарын пайдалана отырып, ұйымдастырылған оқу қызметін ойын түрінде өткізу.
Онда қазақ халқының тұрмыстық заттары мен мәдениетін бейнелейтін құралдар және де, балаларға арналған қазақ тіліндегі көркем әдебиет, дидактикалық материалдар бар. Тәжірибемізде балалардың қазақ тілінде дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыруда әндер мен өлеңдерді айтудың маңызы зор. Әндерді, тақпақтарды, санамақтарды жаттау балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады және сөзді дұрыс айту дағдыларын бекітеді.
Ата-аналардың балабақшадағы сабақтарға, мерекелерге, балабақшада өткізілетін бірлескен іс -шараларға қатысу арқылы біздің жұмысымызбен танысу мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар балаларының тілді меңгерудегі нақты жетістіктерін көре алады. Балабақшадағы қазақ тілін оқыту баланы жас ерекшелігіне сай шамадан тыс жүктемеу принципіне сәйкес жүргізіледі. Грамматика негіздерін үйрену үш-бес жастағы балалар үшін қиын, бұл жастағы балалар әлі дайын емес. Грамматикасыз қазіргі заманауи тілді үйрену әдістері өзінің тиімділігін дәлелдеді.
Жоғарыдағы міндеттердің сәтті орындалуы, балабақшада балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен ата -аналар арасында тығыз қарым-қатынаспен , бірлескен жұмыстың арқасында жүзеге асады. Сонымен қатар, отбасымен өзара әрекеттесу жүйесі ешбір жағдайда біржақты болмауы керек. Бұл ата-анаға педагогикалық білім беру ғана емес, сонымен қатар отбасының қажеттіліктерін зерттеу, белгілі бір отбасынан шыққан жеке баланың даму тенденцияларын бірлесіп әзірлеу, ата-ананың балабақша өмірі мен қызметіне қатысуы.
Сондықтан, егер сіз дайын болсаңыз, бізбен бірге тілді үйреніңіз! Жүсіпбек Аймауытов айтқандай: “Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына»… Сондықтан қазынамызды құрметтей білейік!